Қазастандық балуан әлем чемпионатында «алтын» алды

Қазастандық балуан әлем чемпионатында «алтын» алды
Сурет: Prosports.kz

Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы атанды.

Ол әскери қызметкерлер арасындағы күрестен әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Финалда Иран өкілін жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған үшінші қазақстандық. Бұрын мұндай нәтижеге грек-рим күресі шебері Бағлан Жақанша (2013, 60 келі) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 келі) қол жеткізген болатын.