Қазақтың бекзат перзенті

Қазақтың бекзат перзенті
Суреттерді түсірген - Самат

Алматыда этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференция өтті. Оның басшылығымен ондаған мұражай ашылды. Қазақстанда мұражай ісінің қалыптасуына айтарлықтай әсер етті.

Конференция барысында мәдениет қайраткерлері, бизнес өкілдері мен жастар қазіргі қоғамның дамуындағы ұлттық мәдениеттің маңыздылығын талқылады.

Сонымен қатар, қатысушылар үшін көрме ұйымдастырылып, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан кітаптар, Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын Қазақстанның түкпір-түкпірінен әкелінген мұражайлар қорының құнды жәдігерлері қойылды.

Өзбекәлі Жәнібековтің арқасында бірегей ескерткіштер – Қожа Ахмет Яссауи, Тәжік, Қарахан, Айша бибі, Ақ Ұйық және Бабажы-қатун кесенелері, Жаркент мешіті мен Отырар археологиялық ескерткіштері сақталып, қалпына келтірілді.