Қазақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан чемпион атанды

Қазақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойынында  көкпардан чемпион атанды
Сурет: Inform.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар көкпардан чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар финалда Қырғызстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салды.

Дода өте тартысты өтті. Нәтижесінде қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, ел құрамасы топтық кезеңде Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен жеңді.

Аталған құрама сапында Ұлан Байтөреев, Абылайхан Нышанбеков, Құрманбек Тұрғанбек, Ынтымақ Әліпбаев, Құлажан Тоғайбаев, Бақытжан Әзімбай, Дәулет Айтан, Арман Жамалбеков, Есжан Құрманбай, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл, Әділет Мамыт сынды спортшылар ел намысын абыроймен қорғады.

Сондай-ақ, бүгін көкпардың қырғызстандық нұсқасы саналатын көкбөрү спортынан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездеседі.