Қазақстанның ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары бірлесіп маман дайындайды

Қазақстанның ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары бірлесіп маман дайындайды
Сурет: 9111.ru

Ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары университеттерде дәріс оқиды

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Сондай-ақ олар студенттердің жұмыстарына рецензия жазып, ғылыми жобаларына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бастапқы кезеңде кадрлар даярлаудың 500 білім беру бағдарламасы әзірленеді. Бұдан бөлек магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады.

«Әзірге соңғы ғылыми жетістіктермен бөлісу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының 300-ден астам ғалымы ЖОО-да дәріс оқиды. Осы уақытқа дейін олар оқытуға белсенді араласқан жоқ. Десе де, қазір қажеттілік бар», – деп атап өтті тиісті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 100-ден астам бірлескен диссертациялық кеңес жұмыс істейді. «Е-lab» ақпараттық жүйе құрылады. Ол зерттеушілерге еліміздің қай университетінде қажетті зертхана бар екені туралы ақпарат алуға және олардың техникалық мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі.