Қазақстанның жаңа Ішкі істер министрі болып Марат Ахметжанов тағайындалды

Қазақстанның жаңа Ішкі істер министрі болып Марат Ахметжанов тағайындалды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұдан  бұрын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылғанын хабарлағанбыз.

Марат Ахметжанов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын», - деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлықта.

Ахметжанов Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.

1993-1996 жылдары Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы болды.

1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы болған.

1997-1998 жылдары - Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жылдары тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2001-2003 жылдары Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы болған.

2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012-2014 жылдары –экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған.