Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады

Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады
Сурет: Meloman.ru

Елімізде ұлттық фортепиано мектебін дамыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі республикалық Astana Piano Passion жас пианистер конкурсын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Байқауға 7 мен 17 жас аралығындағы жас пианистер қатыса алады. Конкурсқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 19 қыркүйектен 25 қазанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Өтінішті konkursmuz@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.

Іріктеу кезеңі барлық өңірде 27 қазан мен 9 қараша аралығында өтеді.

Жартылай финал – іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға және сүйемелдеуші тұлғалардың (бір адамнан аспайтын) Астана қаласына барып келу шығындарын қамтамасыз ете отырып, 2022 жылғы 15-17 қараша аралығында Астана қаласында өткізіледі.

20-21 қарашада Астана қаласында финал өтеді.

Ал, гала-концерт және жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімі  23 қарашада өтеді.