Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 15-16 қазанда Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман басады.
Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде де түнде және таңертең тұман түседі.

Ал Жамбыл облысының таулы аймақтарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында16 және 17 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, оның күші 15-20 м/ с болады. Ал 17 қазанда желдің екпіні 23 м/с болады.