Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Сурет: Ktrk.kg

Көптеген өңірде жел соғады, тұман болады.


«Қазгидромет» мамандары Қазақстанның бірқатар өңірінде дауыл болатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 


Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында 25 м/с болады. 


Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 


Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан, ал түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 


Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні - 15-20 м/с. 


Қостанай облысының шығысында тұман болады. Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, батысы, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. 


Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. 


Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.


Оңтүстіктен солтүстікке екпіні 15-20 м/с жел соғады. 


Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 


Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 


Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-шығысында 23 м/с дейін жетеді. 


Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 


Кешке қарай Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37