Қазақстанның тауар экспорты 46,6 пайызға артты

Қазақстанның тауар экспорты 46,6 пайызға артты
dailysabah.com

Қазақстанның тауар экспорты 46,6 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы жылдың қаңтар-ақпанында сыртқы сауда тауар айналымы 52,5 пайызға өсіп, 18,2 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 71,4 пайызға артып, 12,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 46,6 пайызға ұлғайып, 3,5 млрд АҚШ долларына дейін жетіп отыр. Тауарлар импорты 6,1 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 6 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Әлібек Қуантыров.