Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды
Сурет: SN.kz

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ресейдегі Қазақстанның сауда өкілдігін тарату туралы Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - деп жазылған қаулыда.

Еске салсақ, қаңтардың басында Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін тарататыны хабарланған болатын.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл шешімнің себебін: "Артық құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Еліміздің Ресеймен тығыз қарым-қатынаста екені туралы айтылғанда Еуразиялық экономикалық комиссияның болуын білдірген болатын. Онда барлық бағыттар бойынша өте сауатты адамдар жұмыс істейді, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша Мәскеуде бұл мәселені шеше алатын адамдар да бар", - деп түсіндірген еді.