Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушыларды аккредиттеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушыларды аккредиттеді
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумға халықаралық бақылаушыларды аккредиттеді.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларының тізімінде 39 адам бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

ТМД байқаушылары миссиясынан - 6, Достастықтың Парламентаралық ассамблеясынан – 17,  Түркі мемлекеттері ұйымынан 5 байқаушы аккредиттелді. Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы тіркелді.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Еске салсақ, Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум 5 маусымға тағайындалған.