Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсті
Сурет: Stan.kz

2023 жылдың І тоқсанында еліміздің мемлекеттің борыштық міндеттемелері 4,3%-ға өсті.

Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Есепке сүйенсек, Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы сомасы 26,4 трлн теңгеге жеткен (58,9 млрд доллар).

2022 жылдың аяғымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 1,1 трлн теңгеге немесе 4,3%-ға өсті. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 21,8% құрады.

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік борыштың құрылымы келесідей:

Үкіметтің борышы – 22,7 трлн теңгені немесе мемлекеттік борыштың 86%-ы.

Ұлттық Банктің борышы – 2,6 трлн теңге немесе мемлекеттік борыштың 10%-ы.

Үкіметтің қарызына қызмет көрсету шығындары да өсті. 2023 жылдың  І тоқсанының қорытындысы бойынша, бұл шығындар 559,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 154,3 млрд теңгеге немесе 38,1%-ға артық.