Қазақстанның мәдениет күндері Ресейде өтеді

Қазақстанның мәдениет күндері Ресейде өтеді
Сурет: 365info.kz

Шара екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орайластырылып отыр.

Іс-шаралар Мәскеу, Астрахань және Қазан қалаларында жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой.

«Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай 13 қыркүйектен бастап Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері болады. Бұл біздің мәдени байланысымызға серпін береді деп ойлаймын», - деді Швыдкой.

Шара аясында екі елдің мәдениет қайраткерлері мен мәдениет министрлерінің кездесулері өтеді.

«Бұл көптеген адам қызығушылық танытып отырған кең ауқымды оқиға. Менің ойымша, байланысымыз жақсара түседі», - деп қосты Швыдкой.

Михаил Швыдкой қазір Қазақстанда сапармен жүр. Ол мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесулер өткізді.