Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты
Сурет: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.