Қазақстанның кедендік инфрақұрылымы жаңғыртылуда

Қазақстанның кедендік инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстан ЕАЭО Сыртқы шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін модернизациялайды

Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекеті жарақтандырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесі де пысықталатын болады.