Қазақстанның ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады

Қазақстанның ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады
Сурет: Payom.net

Бұл көрсеткіш болжамдарға сәйкес келеді.

2022 жылдың тоғыз айында ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Ұлттық банк жетекшісінің айтуынша, бұл көрсеткіш болжамдарға сәйкес келеді.

«Іскерлік белсенділіктің баяулауы негізінен тау-кен өнеркәсібіндегі әлсіз динамика есебінен жүреді. Бұл еліміздің негізгі кен орындарында жөндеу және Қашаған зауытындағы апатқа байланысты. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, ақпарат және байланыс, көлік және ауыл шаруашылығы оң үлес қосуда», - деп түсіндірді Ғалымжан Пірматов.

Сонымен қатар ол экономиканың даму динамикасының болжамдардан ауытқуының айқын тенденциясы байқалмайтынын атап өтті.

«ІЖӨ өсімі қалыптасқан баға конъюнктурасы және жыл соңына қарай мұнай өндірісінің өсу қарқынын қалпына келтіру аясында ішкі сұраныс пен нақты экспорттың оң траекториясымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін тәуекелдер өсіп келе жатқан инфляциялық процестер жазықтығында жатыр», - деп толықтырды Ғалымжан Пірматов.