Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

6 желтоқсанда Түркістан мен Қостанай облыстарына тұман түседі, деп хабарлайды хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының таулы аудандарына тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау беткейінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі.