Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді
Сурет: Olympic.kz

Америкалық Forbes журналы Азия-Тынық мұхиты өңірінің өкілдері арасындағы 30 жасқа дейінгі әлеуеті зор спортшылардың тізімін жариялаған.

Оған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тағы бір болашағы жарқын спортшы - бұл Елена Рыбакина. Ол - «Уимблдон» турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Қазіргі уақытта теннисші әлемдік рейтингте төртінші сатыда тұр және 10 миллион долларға жуық табыс тапты», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, жақында Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда Украина өкілі Ангелина Калининадан басым түсті. Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 4-орында тұр.