Қазақстанның бес облысында жол жабылды

Қазақстанның бес облысында жол жабылды
Сурет: Inform.kz

Мамандар ауа райына байланысты ақпаратты назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі күн райының жақсаруын күтіп, алыс жолға шықпау керектігін атап өтті. Қазақстандықтарды күн райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Жұмыс күшейтілген режимге ауыстырылды. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.