Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды

17 мамырда Қазақстанның елордасы мен бес облысында дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК жел соғып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.

Солтүстікте, батыста, күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде солтүстікте, облыстың батысында 15-20 м/с жетеді. Күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 23 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай болады. Солтүстікте шаңды дауыл соғады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады.