Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, ауа райы бұзылады

Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, ауа райы бұзылады
Сурет: 24.kz

«Қазгидромет» мамандары дауылды ескерту жариялап отыр.

Ақмола облысының шығысында күн күркіреп, нөсер жауын жауады. Сондай-ақ елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігін тұман басады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнап, бұршақ пен жауын жауады деп күтілуде. Жел секундына 20 метрге дейін жылдамдықпен соғады. Маңғыстау, Абай облыстарында да ауа райы күрт бұзылады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Петропавл мен Семейде де осы жағдай. Ал Орал мен Қызылордада күн қатты ыстық. Мамандар аймақ тұрғындарының өрт қауіпсіздігіне сақ болуын ескертеді.