Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында бос жұмыс орны көп

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында бос жұмыс орны көп
Сурет: Primeminister.kz

Өткен айда бос жұмыс орындарының саны 1,5 есе өскен.

Өткен айда Қазақстанда бос жұмыс орындардың саны артқан. Жұмыс істейтін мамандарға ауыл шаруашылығы мұқтаж болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы маусымда Электрондық еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны және 59,9 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 1,5 есе, ал өзекті түйіндемелер саны 31%-ға артты», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірлерде байқалды, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық) облыстарында байқалып отыр.

«Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны). Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ, ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында-3,1 мың бос орын», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Бос орындардың басым бөлігін ауыл шаруашылығы (10,8 мың бос орын), тұрғын емес үй-жайлар және тұрғын үй объектілерін салу (9,8 мың бос орын), білім беру (6,6 мың бос орын) және өзге де қызметтер (5,8 мың бос орын) секторларының кәсіпорындары орналастырды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласында орналастырылған бос орындардың жартысына жуығы (47%) Жамбыл облысына, ал Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – тұрғын үй құрылысы саласында тиісінше 33,7% және 35%-дан келді. Елордада құрылыс саласындағы жұмысшыларға жоғары сұраныс сақталды, яғни бос орындардың үштен бірі құрылыс саласына тиесілі.