Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды Сурет: Zaryakubani.ru

Кей өңірлерде қатты жауын-шашын болады.


Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің Telegram арнасына сілтеме жасап.


13-14 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. 13 қараша облыстың солтүстігінде тұман болжанады. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с. Сол күні облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен жел соғады.


13-14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада солтүстікте, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.


13-14 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада күндіз, 14 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.


14-15 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 14 қарашада, 15 қарашаға қараған түні солтүстікте кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.


14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс бағытындағы жел 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.


14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жел оңтүстік-батыс бағытында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 14-і күні таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09