Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды
Сурет: Gazeta.ru

11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды.

Қазақстанның Украинада қалып қойған жүк көліктері шығарылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес, Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.