Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: 24.kz

«Қазгидромет» ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

24 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында жер қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында 24 қазанда түнде және таңертең көктайғақ болады.

24 қазан түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.

Алматы қаласында да солай - түнде және таңертең тұман.

24 қазан түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, солтүстігінде көктайғақ болады.

24 қазанда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.

24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 қазанда Абай облысының түнде солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

24 қазанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

24 қазанда Шығыс Қазақстан облысының түнде шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 қазан түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні - 17-22 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.

24 қазан түнде және таңертең Ұлытау және Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.