Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inbusiness.kz

Еліміздің кей өңірлерінде аптап ыстық болады.

«Қазгидромет» 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

14 шілдеде күндіз Жетісу облысының орталығы мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Талдықорған қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық, оңтүстігінде 40 градус болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында күндіз 14 шілдеде 36 градус аптап ыстық болуы мүмкін.

14 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 14 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, 15 шілдеде басым бөлігінде 40-42 градус ыстық болады. Түркістан қаласында 14 шілдеде күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. 14-15 шілдеде күндіз 40-42 градус ыстық болуы ықтимал.

Шымкент қаласында 15 шілдеде күндіз 40 градус болуы ықтимал.

14 шілдеде Атырау облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында 14 шілдеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 37-39 градус ыстық болады.

14 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.

Өскемен қаласында күндіз 14 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз 14 шілдеде Қостанай облысының басым бөлігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады, оңтүстігінде 40 градусқа жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

14 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 14 шілдеде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-ке жетуі мүмкін.

Күндіз 14 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде 38 градус ыстық болады. Жезқазған қаласында күндіз 14 шілдеде 35 градус ыстық болуы ықтимал.

14 шілде күндіз, 15 шілде тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 14-15 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 14 шілдеде облыстың оңтүстігінде, күндіз 15 шілдеде облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады.

Петропавл қаласында күндіз 15 шілдеде найзағай ойнайды.

Күндіз 14-15 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 14-15 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Тараз қаласында 14 шілде күндіз, 15 шілде тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.