Қазақстаннан бөлініп, «тәуелсіздігін жариялаған» бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазақстаннан бөлініп, «тәуелсіздігін жариялаған» бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Ulysmedia.kz

«Өздерін Петропавл тұрғындарымыз» деп таныстырған топтың құрамында 19 адам бар. 

Олар Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 19 адамнан тұратын адамның жиналыс өткізіп жатқан видеосы тарады.

«Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына, сонымен қатар, оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшысы мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық, өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз», - дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде тараған бейнеде.

Жиналғандар өзін «Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.

ҚазТАГ агенттігі СҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, видеода отырған кісілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.