Қазақстанның көп бөлігінде қатты аяз болады

Қазақстанның көп бөлігінде қатты аяз болады
Сурет: Zviazda.by

Арктикалық суық.

«Қазгидромет» мамандары 10-12 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Суық арктикалық ауамен толтырылған солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда. Осымен байланысты қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады.

«Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін, орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.