Қазақстанға шетелдік компаниялардан 6,1 млрд теңге салық түсті

Қазақстанға шетелдік компаниялардан 6,1 млрд теңге салық түсті Сурет: Inbusiness.kz

Мамандар қандай салық төленуі керіктігін айтты.


Жыл басынан бері ғаламторда қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары қосылған құн салығын немесе GOOGLE салығын төлеуі керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Ведомство хабарлағандай, бүгінде GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Сол арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.


Осылайша, жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon сияқты басқа да ірі әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар 6,1 млрд теңге сомасына салық төледі.


Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited » (1,1 млрд теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд теңге) төлеген.



«Салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ, айыппұлдар мен салықтық әкімшілендірудің басқа да күрделі тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның бәрі тауарлармен электронды сауданы жүзеге асыратын немесе қазақстандық сатып алушының атына электрондық қызметтер көрсететін шетелдік компания үшін Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерінің орындалуын оңайлату мақсатында жасалды», -  делінген МКК ақпаратында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42