Қазақстанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

Қазақстанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін
Сурет: Masa.media

Бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді.

Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қаулының мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер қатарына жаңа құрылған Абай және Ұлытау облыстарын қосу. Құжат қабылданса, бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді», - делінген құжатта.

Жауапты министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады. Ал ұсынылып отырған қаулыда бұл тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына екі жаңа облыс қосылып, жалпы саны 8 өңір қандастарды қабылдайды.