Қазақстанға LG компаниясының Ресейдегі зауыты көшірілуі мүмкін

Қазақстанға LG компаниясының Ресейдегі зауыты көшірілуі мүмкін
Сурет: Вarnaul-altai.ru

Еліміздегі бұл компанияның зауыты жабылып қалған.

21 қазанда LG өндірісін Ресейден Қазақстанға немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі LG компаниясымен жаңа зауыт ашу мәселесін талқылап жатқанын хабарлады.

1998 жылы LG компаниясы Қазақстанда зауыт ашқан, бірақ ол бірнеше жылдан кейін жабылып қалды. Зауытта тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар мен теледидарлар шығарылды.