Қазақстанға интернеттен ажыратылу қаупі жоқ

Қазақстанға интернеттен ажыратылу қаупі жоқ

Ресей жаһандық желіден ажыратылса, бұл жағдай Қазақстандағы интернетке қалай әсер етеді?

Бұл сұраққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі кезде Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайды. Яғни еліміздің интернеттен толықтай ажырап қалуы қаупі жоқ. Бұл жайында алаңдаудың реті жоқ десек болады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол байланыс желісі де нашарламайтынын атап өтті.

«Қытаймен арадағы тораптар Еуропадан алып отырған трафикті дәл сол көлемде тартуға мүмкіндік береді», - деді А. Оразбек.