Қазақстанға БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы келеді

Қазақстанға БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы келеді
Сурет: LSM.ru

Биыл Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына - 30 жыл.

11-12 тамызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахид Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сапар барысында ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, Парламент Сенатымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, жастармен, академиялық қауымдастықпен және БҰҰ-ның елдегі тобымен кездеседі.

Биыл Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толады. Абдулла Шахид Мальдив Республикасының Үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ уақыт жұмыс істеген тәжірибелі дипломат ретінде кеңінен танымал. Гендерлік теңдіктің жақтаушысы ретінде ол өз елінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ оның дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізгенімен белгілі.