Қазақстандықтарға Қытай 113 білім грантын бөлді

Қазақстандықтарға Қытай 113 білім грантын бөлді
Сурет: ATPress.kz

Өтінім қабылдау бүгін басталады.

Студенттер ағылшын немесе қытай тілінде оқиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына 113 білім грантын бөлді.

Гранттар үкіметаралық келісім аясында ұсынылып отыр.

Грантқа өтінімдер 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе тікелей Халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы қабылданады.

«Тіркелу кезінде талапкер оқу бағдарламасын, университетті және мамандықты таңдайды. Қазақстандық студенттерге Қытайдың 250-ден астам жетекші жоғары оқу орындарының таңдауы ұсынылады. Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантурада тегін білім алуға барлығы 500-ге жуық грант бөлінеді», - деді Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды және студенттерге ай сайын стипендия төленеді.