Қазақстандықтардың көбі көліктеріне АИ-92 маркалы жанармай құяды

Қазақстандықтардың көбі көліктеріне АИ-92 маркалы жанармай құяды
Cурет: Ашық дереккөз

Өткен жылы оның бөлшек саудадағы үлесі 82%-ды құрады

Өткен жылы оның бөлшек саудадағы үлесі 82%-ды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап. 

«2021 жылы жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстанда 6 364 автожанармай құю, газ құю және газ толтыру стансалары болды.  2020 жылмен салыстырғанда олардың саны 92-ге өсті, ал 2019 жылы барлығы 6 048 жанармай құю стансасы жұмыс істеген. Қазақстандықтар автокөлігіне жанармайдың АИ-92 маркасын құюды жөн көреді, өткен жылы оның бөлшек саудадағы үлесі 82%-ды құрады», – делінген бюро таратқан мәліметте.