Қазақстандықтарды күздің салқын ауа райы күтіп тұр

Қазақстандықтарды күздің салқын ауа райы күтіп тұр
Сурет: Проза.ру

Қазақстанның кей өңірлерінде аяз болады.

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік-батыс суық антициклон еліміздің солтүстік жартысына әсер етеді.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр күтіледі, шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК ақпаратында.

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 қыркүйекте Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша қатты жел соғады.

15 қыркүйекте түнде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталықта, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында -3°С дейін аяз болуы мүмкін.