Қазақстандықтар Ресейге ұшып бару үшін ПТР тапсырмайды

Қазақстандықтар Ресейге ұшып бару үшін ПТР тапсырмайды
Сурет: Мedscannet.ru

Енді Ресейге барғандар тек тиісті сауалнаманы толтыруы керек.

"Роспотребнадзордың" қаулысына сәйкес, Ресейге келетін шетелдіктердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары үшін коронавирусқа ПТР сынағының теріс нәтижесін беру туралы талап жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ресейдегі Қазақстан елшілігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР сынағы талабы жойылған болатын.

Аталған қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде коронавирусқа іріктеп сынақ алу тәжірибесі ұйымдастырылуда.