Қазақстандықтар қалай шетелде құлдыққа түседі?

Қазақстандықтар қалай шетелде құлдыққа түседі? Сурет: Informburo.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өткен жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Тайландтағы Елшілігі Қазақстан Республикасының 14 азаматына көмек көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл азаматтар үш мемлекеттің шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» яғни Тайланд, Мьянма және Лаос мемлекеттерінде болған.



«Бұл жігіттердің айтуынша, олар болған компанияда басқа қазақтар жоқ. Бірақ "алтын үшбұрыш" аталып кеткен елдерде болуы мүмкін», - деді ол.



Оның айтуынша, адамдарды құлдыққа тарту схемасы өте қарапайым: шетелде ірі инвестиция немесе басқа компанияда жоғары ақы төленетін жұмысқа жарнама орналастырылады. Бұл ретте жалақы 2 мыңнан 3 мың долларға дейін уәде етіледі.



«Әрине, тіл білу керек, бір қызығы, шетелде білім алған жоғары білімі бар азамат қайда баратынын түсінуі керек еді. Мұндайда бұл жігіттер (құлдықтан құтқарылған екі жігіт – ред.) қытай тілін біледі, бір кездері Қытайда оқып, БАӘ-не барып, осы компанияны сол жерден тауып алады. Оларға қытайлық компанияға жұмысқа орналасуға уәде берген, бірақ кеңсе Тайландта орналасқан деп айтқан. Жұмыс берушілер қос азаматтың рейсі мен қонақүйін, тіпті басқа да шығындарын төлеген. Тайландқа келгеннен кейін оларды көлікке салып, Мьянмаға алып кеткен. Нәтижесінде алаяқтық құрбандары болып шықты - келгеннен кейін бұл ірі компания емес, майнингпен, криптовалютамен айналысатын қарапайым компания болып шыққан», деді Айбек Смадияров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38