Қазақстандықтар интернет арқылы қандай тауарларды жиі сатып алады?

Қазақстандықтар интернет арқылы қандай тауарларды жиі сатып алады?
Сурет: Polsha24.com

Ең көп сұранысқа ие заттар тізімінің басында телефон тұр екен.  

Олардың жалпы сатылымы 2021 жылы 91,6 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 90,4%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Барлық транзакциялардың жартысынан көбі – 48,8 млрд теңге алматылық компанияларға тиесілі. 

Екінші орында - тұрмыстық техника. Олардың сатылымы 2020 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам өсті: 29,5 млрд теңгеден 60,9 млрд теңгеге дейін.  Тұрмыстық электр тауарларын сатудың ең көп көлемі Шымкентте тіркелді (22,2 млрд теңге).

Үшінші орында - косметика және жеке гигиенаға арналған заттар (41,5 млрд теңгеден 60,9 млрд теңгеге дейін өсті). Транзакциялардың барлығы дерлік Алматы қаласында жасалды. 

Бұл ретте қазақстандықтар интернеттен кеңсе тауарларын (61,2 млрд теңгеден 2,6 млрд теңгеге дейін азаю), аяқ киім (15,1 млрд теңгеден 2,2 млрд теңгеге) және киім (16,4 млрд теңгеден 10,5 млрд теңгеге дейін) әлдеқайда аз сатып ала бастады.