Қазақстандықтар БЖЗҚ қызметтерінің 93%-ын онлайн алады

Қазақстандықтар БЖЗҚ қызметтерінің 93%-ын онлайн алады
Сурет: Gov.kz

Былтыр салымшылар мен алушыларға 30,3 млн қызмет көрсетілген.

Азаматтар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға көбірек жүгінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның ішінде 20,9 млн - электронды форматта, 7,1 млн - автоматты режимде іске асырылды.

«БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерін Қор кеңсесіне келіп, enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе eGov. kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді форматта алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылар көбіне цифрландыруға басымдық береді: Қор қызметтерінің 93% жуығы халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі. Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға көбірек жүгінеді. 2022 жылдың 12 айында жеке зейнетақы шоттарынан 26,4 млн-нан астам үзінді көшірме беріліп, 20,8 млн-нан астамы электрондық форматта ұсынылды», – делінген Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.