Қазақстандықтар биыл 120 күн демалады

Қазақстандықтар биыл 120 күн демалады сурет:pandaland.kz

Ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурыз айларына сәйкес келіп тұр.


Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналады. Бұл бес күндік жұмыс аптасына байланысты есептелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.



Қазақстандықтардың ең көп демалатын мерзімі (12 күн) қаңтар мен наурыз айларына келеді. Ал ақпан мен қарашада - 8 күн. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша, Жаңа жыл мемлекеттік мәртебесі бар мейрам болып есептеледі.  



Жыл ішіндегі демалыс күндерін былай бөліп көрсетуге болады:


- қаңтарда Жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;


- наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;


- сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;


- шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан, 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;


- желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан. Себебі 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді.


2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс келесі күнге ауыспайды.


Құрбан айт 28 маусымда басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10