Қазақстандықтар Албанияға визасыз саяхаттай алады

Қазақстандықтар Албанияға визасыз саяхаттай алады
Сурет:1prof.by

Үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі. Іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Сол күні министр бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

ҚР СІМ сайтында хабарланғандай, Албаниямен келіссөздер қорытындысы бойынша визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Доминикан Республикасымен ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.