Қазақстандықтар 19 миллион 854 мыңға жетті

Қазақстандықтар 19 миллион 854 мыңға жетті
Сурет: Aqtobegazeti.kz

Ел халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды.

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикадағы халық саны 19 миллион 854 мың адамға жетті.

Оның ішінде қала халқы – 12,2763 миллион, ауылдықтар – 7,5777 миллион.

Биыл жалпы өсім 87 276 адам болды, басым көпшілігі – 81 240 адам табиғи өсім есебінен және 6 036 адам көші-қон есебінен.

Сонымен қатар жыл басында елімізде 19 766 807 адам тізімге алынған, яғни халық саны 0,44%-ке өскен.