Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды
Cурет: Olympic.kz

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты. Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.