Қазақстандық түлектер енді 2,5 жылдық оқуға түсе алады

Қазақстандық түлектер енді 2,5 жылдық оқуға түсе алады
Сурет: Vlast.kz

Жаңа оқу жылынан басталады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізелітінін айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – 4 жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті министрлік пилоттық режимде «қолданбалы бакалаврларды» дайындай бастайды. Бірақ 4 жылдық бакалавриат сол күйі қалады.

«Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз», – деді Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте министр «қолданбалы бакалавриаттың» еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.

«Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол 2 немесе 5 жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады», – деді ол.