Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатында финалға шықты

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатында финалға шықты
Сурет: Olympic.kz

Арменияның Ереван қаласында бокстан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Оның ақтық кезеңінде Қазақстан құрамасынан 4 боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.

3 желтоқсанда Қазақстан сапынан: Аяжан Сыдық (54 кг) Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен, Толғанай Қасымхан (60 кг) ресейлік Кира Леоновамен, ал Айсұлу Мұхит (66 кг) румындық спортшы Амалиа Тугуимен кездеседі.

4 желтоқсанда ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 54 келіге дейінгі санатта Нұрасыл Төлебек үндістандық Джатинмен кездеседі.