Қазақстандық теннисшілер Торонтодағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисшілер Торонтодағы турнирдің екінші айналымына шықты
Сурет: Olympic.kz

Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымына шықты.

Рыбакина WTA рейтингінің 47-ші сатысында тұрған чехиялық Мария Бузкованы жеңді: есеп 7:5, 6:7 (3), 6:1. Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы жеке кездесулердегі басымдығын нығайтты - 3:0.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (рейтингте 46-шы орын) канадалық Кэтрин Себовты (299 WTA) жеңді) есеп - 3:6, 6:2, 7:5. Келесі айналымда Юлияға Испаниядан келген Паула Бадоса қарсылас болады.