Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады.

Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Михаил ширек финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Ал Жукаев Жапонияның Кобе қаласында бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Бейбіт корт иесі Ючи Сугитаны 4:6, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 24 эйс жасап, көзге түсті. Ол екінші айналымда әлемнің 84-ракеткасы, доданың бірінші ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен кездеседі.