Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогының финалына қатысады

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогының финалына қатысады
Сурет: Egemen.kz

Жарыс 8-13 қараша аралығында өтеді.

Халықаралық теннис Федерациясы Шотландияның Глазго қаласын Billie Jean King Cup 2022 финалдық бөлігінің өтетін орны деп жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Финалдық раундта әлемнің ең мықты теннис құрамасы үшін Австралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Қазақстан, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ таласады.

Біліктілік кезеңінде ұтылған Ұлыбритания командасы турнирдің иесі ретінде 12-ші қатысушы болады.

Жеребе бойынша, барлық құрамалар төрт топқа бөлінеді, олардың жеңімпаздары жартылай финалда кездеседі.

Айта кетсек, Глазго Дэвис Кубогы-2022 топтық кезеңінің төрт негізгі қалаларының бірі болды. Онда D тобының теннисшілері шеберлік байқасады.