Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті Сурет: Ашық дереккөз

Жарыстың жүлде қоры - 642 735 АҚШ доллар


Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін франциялық Жонатан Эйссерик – нидерландылық Давид Пелмен өткізді.


Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты матчта А.Недовесов пен А.Голубев 2:6, 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңіске жетті.


Олар ойын барысында 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.


Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ші ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен таласады.


Жалпы жүлде қоры 642 735 АҚШ долларына бағаланған Хьюстон додасы 9 сәуірде мәресіне жетеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.


Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42